5 - тараудың сұрақтары мен тапсырмалары
1. Температуралық және жылулықграфиктер, жылу және электрлік энергия көздерімен жабдықталған технологиялық үрдістер схемасы мен жүргізу жағдайлары.
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикалық жүйелері және олардың отын- энергетикалық кешенмен байланысы.
3. Өнеркәсіптік және жылу технологиялық өндірістегі энергия тұтыну.
4. Технологиялық мақсатта, ыстық сумен жабдықтауда, үйлерді жылытуда, өнеркәсіптік ғимараттарды вентиляциялауға қолданатын бу мен ыстық су шығынын анықтау.
5. Ыстық сумен жабдықтау мен вентиляция жүйелері. Өнеркәсіптік ғимараттарды бу, су, ауа жылуымен қамтамасыз ету жүйелері, схемалары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
6. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу көздерінің жіктелуі.
7. Жылумен жабдықтау жүйелеріндегі өнеркәсіптік қазандықтардың қолданылуы, түрлері, тиімді қолдану облыстары. Бу және ыстық су қазандықтары, жылу схемалары, негізгі және қосалқы жабдықтары.
8. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтау жүйелеріндегі қазандықтар, жылулық қондырғылардың жұмысы.
9. Орталық жылу жабдықтау сүлбелерінің түрлері.
10. Жылу жүйелері мен түрлері, сүлбелері, элементтерінің құрамы.